Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Органикалық өнім өндіру туралы

Органикалық өнім өндіру туралы
4-бап. Органикалық өнім өндіру саласындағы құқықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері



Ст. 4 Органикалық өнім өндіру туралы 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V ҚРЗ



1. Органикалық өнім өндіру саласындағы құқықтық реттеудің мақсаттары:

1) органикалық өнім өндіруді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

2) табиғи ресурстарды сақтау;

3) топырақты, суды, ауаны, биологиялық әртүрлілікті сақтауды қоса алғанда, табиғи ресурстарды басқарудың орнықты жүйелерін пайдалану;

4) тамақ өнімдерінің сапасын арттыру;

5) органикалық өнімнің ұлттық брендін жасау болып табылады.

2. Органикалық өнім өндіру саласындағы құқықтық реттеудің міндеттері:

1) халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

2) қоршаған ортаның сақталуына жәрдемдесу;

3) органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімді инспекциялау және сертификаттау;

4) органикалық өнімнің ішкі нарығын дамыту және Қазақстан Республикасы халқының органикалық өнімге қажеттіліктерін қанағаттандыру;

5) органикалық өнімнің экспортын ұлғайту;

6) органикалық өнім өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну болып табылады.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...18 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Органикалық өнім өндіру туралы 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V ҚРЗ