Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Органикалық өнім өндіру туралы
7-бап. Уәкілетті органдардың органикалық өнім өндіру саласындағы құзыреті



Ст. 7 Органикалық өнім өндіру туралы 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V ҚРЗ



1. Органикалық өнім өндіру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) органикалық өнім өндіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

2) органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;

5) Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын жетілдіреді;

6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, үйлестіреді және жүзеге асырады;

2) мыналарды:

органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын;

органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімін келісуді жүзеге асырады;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) органикалық өнімді өткізу сатысында Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, үйлестіреді және жүзеге асырады;

2) мыналарды:

органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын;

органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімін келісуді жүзеге асырады;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

1) халыққа органикалық өнім өндіру туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

2) органикалық өнім өндірушілер қызметінің Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және мониторингті жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін органикалық өнімді анықтау және оны өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне бақылауды және мониторингті жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...18 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Органикалық өнім өндіру туралы 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Органикалық өнім өндіру туралы 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V ҚРЗ