Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Өнеркәсіптік саясат туралы 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 86-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Өнеркәсіптік саясат туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аумақтық кластер – өндірушілерді, өнім берушілерді, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа да ұйымдарды қамтитын өзара байланысты және өзара толықтыратын ұйымдардың географиялық шоғырланған тобы;

2) елішілік құндылық – ішкі нарықта өндірілген тауарлардың және жүзеге асырылған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірілген тауардың, жүзеге асырылған жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің жалпы көлеміндегі пайыздық мөлшері;

3) Индустрия 4.0 – нақты уақыт режимінде физикалық процестердің мониторингі жүргізілетін, жедел шешімдер қабылданатын, сондай-ақ технологиялардың өзара және адамдар арасында іс-қимыл жасауы жүзеге асырылатын, физикалық объектілердің, процестер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың интеграциясын көздейтін өндірістің ұйымдастырылуы;

4) инновация – қандай да бір жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет), технология немесе процесс, жаңа маркетинг әдісі немесе іскерлік практикадағы жаңа ұйымдастыру әдісі, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастыру түрінде іске асырылған, бәсекелік артықшылық алуды қамтамасыз ететін, инновациялық қызметтің пайдалануға берілген түпкілікті нәтижесі;

5) инновациялық қызмет – инновацияларды жасауға бағытталған қызмет (зияткерлік, шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);

6) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – инновациялық және технологиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

7) қарсы міндеттемелер – осы Заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі мен мемлекеттің өзара міндеттемелері;

8) нарық сыйымдылығы – ішкі нарықтың, өнеркәсіптік өнім өндірісінің, импорты мен экспортының барынша мүмкін болатын көлемін айқындайтын сандық көрсеткіш;

9) өнеркәсіп – пайдалы қазбалар өндіруге, өңдеу өнеркәсібіне, электр энергиясымен, газбен және бумен қамтамасыз етуге, ауаны баптауға, сумен жабдықтауға, су бұруға, қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға, сондай-ақ ластануды жоюға жататын экономикалық қызмет түрлерінің жиынтығын білдіретін экономика саласы;

10) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілері – өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері;

11) өнеркәсіптік-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістерді құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған, белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;

12) өнеркәсіптік-инновациялық жүйе – өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің, инфрақұрылым мен Қазақстан Республикасында өнеркәсіпті ынталандыруға және инновацияларды қолдауға бағытталған құралдардың жиынтығы;

13) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет – еңбек өнімділігін арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға, өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілетуге байланысты қызмет;

14) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;

15) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық даму институттары, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту қоры;

16) өнеркәсіптік өнім – өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде өндірілген тауарлар;

17) өнеркәсіптік саясат – мемлекет жүзеге асыратын және өнеркәсіпті ынталандыру мен дамытуға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі;

18) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын, өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында құрылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган;

19) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

20) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет қолданатын, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын ынталандыру шаралары;

21) өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы – кәсіпорынның бизнес-моделінің елеулі өзгерістеріне алып келетін кәсіпорындардың бизнес-процестеріне цифрлық технологияларды енгізу;

22) өңдеу өнеркәсібі – жаңа өнім (тауар, оның ішінде азық-түлік тауарлары) үшін шикізатты, материалдарды, заттарды, құрамдастарды өңдеуге байланысты өнеркәсіп салаларының жиынтығы;

23) технологиялар трансферті – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің меншік, иелену және (немесе) пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған тәсілдермен алынған жаңа немесе жетілдірілген технологияларды енгізу процесі;

24) шикізаттық емес экспорт – өңдеу өнеркәсібі тауарларының және көрсетілетін қызметтердің экспорты.

Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...69

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?


Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться