Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы
11-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылауды жүргізуі



Ст. 11 Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV




1. Қаржы мониторингінің субъектілері өздерінің көрсететін қызметтерін басқа тұлғалар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру немесе оған жәрдемдесу мақсаттары үшін пайдаланбайтындай шаралар қабылдайды.

2. Қаржы мониторингінің субъектілері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болғызбау мақсатында ішкі бақылау ережелерін және оны жүзеге асыру бағдарламасын әзірлейді, сондай-ақ ережелерді сақтауға және бағдарламаны іске асыруға жауапты болады.

3. Қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді, қабылдайды әрі орындайды және осы Заңда көзделген ішкі бақылауды жүргізу кезінде қаржы мониторингі субъектісінің қызметіне қойылатын талаптардан басқа, олар мыналарды:

қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;

технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелін басқару бағдарламасын;

клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын;

клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын;

қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасын;

ішкі бақылау қағидаларына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлеуі мүмкін өзге де бағдарламаларды қамтуға тиіс.

3-1. Қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерлерде де орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтауын және іске асыруын қамтамасыз етеді.

Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға және бақылау мен қадағалау органына Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келетіндіктен, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру мүмкіндігінің болмауы фактілері туралы хабарлауға міндетті.

 РҚАО-ның ескертпесі!

3-2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 8), 12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша қойылатын талаптар уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

4. Клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентпен іскерлік қатынастарын тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл сақтауына жатады.

Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері операция жасалғаннан кейін қаржы мониторингі субъектілерінің кемінде бес жыл сақтауына жатады.

5. Қаржы мониторингі субъектілері мен олардың жұмыскерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларға осы Заңға сәйкес осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарлауға құқылы емес.

6. Қаржы мониторингі субъектілерінің уәкілетті органға ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды осы Заңда көзделген мақсаттарда және тәртіппен беруі қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны жария ету болып табылмайды.

7. Ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға осы Заңға сәйкес берген жағдайда қаржы мониторингі субъектілері, олардың лауазымды адамдары хабарлау нәтижелеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылықта болмайды.

8. Қаржы мониторингі субъектілеріне жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды тиісті мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша уәкiлеттi орган бекiтеді.

 Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 РҚАО-ның ескертпесі!

2-тарауды 11-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV