Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Рұқсаттар және хабарламалар туралы
30-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері



Ст. 30 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ




1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не оларды беруден уәжді бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

3. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты мен экспорты саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар осы Заңның 37-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімдерде береді.

Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...53 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 30-бап Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ