Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Рұқсаттар және хабарламалар туралы
49-бап. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі

Ст. 49 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Рұқсат беру органдары рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізеді. 

Хабарламалар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді. 

2. Мемлекеттік органдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен, көрсетілген ақпаратты растауды жеке және заңды тұлғалардан қосымша талап етпестен алуға міндетті. 

3. Мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі тәуекелдерді бағалау жүйесі мен тексерулер жүргізу кестесін қалыптастыру үшін негіз болып табылады. 

4. Жеке немесе заңды тұлғаның қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне тиісті мәліметтер енгізіледі. 

5. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастау өтініш берушінің өтініші, соттың жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады. 

6. Рұқсат беру органдарының және хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе тұрақты болмаған кезеңде олар барлық қажетті тарихи деректердің тіркелуін және сақталуын қамтамасыз етуге және осындай мүмкіндік пайда болғаннан кейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тарихи деректермен толықтыруға міндетті. 

Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-тарау. ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ

Статья 1 ...47 48 49 50 51 ...53

Перейти к статье






Добавить комментарий к 49-бап Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ