Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мақта саласын дамыту туралы

Мақта саласын дамыту туралы
24-бап. Мақтаны беру



Ст. 24 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298




1. Мақтаны беру мақта қолхатын ұстаушының талабы бойынша өтелуге жататын қойма және кепіл куәліктерінің түпнұсқасына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.

Осы Заңның 26-бабына сәйкес сатылған мақтаны беру оны сатып алушының талабы бойынша сауда-саттық нәтижелері туралы құжатқа айырбастау арқылы жүзеге асырылады.

2. Мақта қолхатын ұстаушы мақтаны бөліп-бөліп беруді талап етуге құқылы. Бұл ретте оған бастапқы мақта қолхатының орнына мақтаның қалған көлеміне жаңа мақта қолхаты беріледі.

3. Мақтаны талап ету үшін мақта қолхатын ұстаушы өзі келуге немесе сенімхатқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген өкілеттігіне орай іс-әрекет жасайтын уәкілетті өкілін жіберуге міндетті.

4. Кепіл туралы мәліметтері бар қойма куәлігін ұстаушының талабы бойынша мақтаны беру уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.


Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298