Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мақта саласын дамыту туралы

Мақта саласын дамыту туралы
23-бап. Мақта қолхаты мен оның бөліктерін ұстаушылардың құқықтары



Ст. 23 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298



1. Мақта қолхатын ұстаушының мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақтаулы мақтаға толық көлемде билік етуге құқығы бар.

2. Кепіл туралы мәліметі бар қойма куәлігін ұстаушы мақта қолхатында көрсетілген мақтаға билік етуге құқылы, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кепіл куәлігі бойынша қарызын өтегенге дейін мақтаны беруді талап етуге құқығы жоқ.

3. Кепіл куәлігін ұстаушы:

1) кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлген қойма куәлігін ұстаушыдан кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттеменің орындалуын талап етуге;

2) кепіл куәлігін және ол бойынша құқықтарды үшінші тұлғаларға беруге;

3) кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттеме орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілге қойылған затты өндіріп алуға құқылы.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298