Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мақта саласын дамыту туралы
4-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің нысандары



Ст. 4 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298



Мақта саласын мемлекеттік реттеу:

1) мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау;

2) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесін дамыту;

3) кластерлік даму қағидаттарын ескере отырып, мақта саласының тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялануын ынталандыру;

 4) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;

4-1) мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау;

5) техникалық реттеу;

6) сараптама ұйымын айқындау, сондай-ақ оның мақта талшығының сапасына сараптама жасау ережесін сақтауын бақылау;

7) мақта нарығының мониторингі;

8) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мақта егілетін аймақтарда мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауының мониторингі;

9) мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді шығару арқылы жүзеге асырылады.

 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 3-1 4 5 5-1 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298