Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мақта саласын дамыту туралы
5-1-бап. Мақта нарығына қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету



Ст. 5-1 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298



1. Уәкілетті орган және мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары өздерінің интернет-ресурстарында мақта нарығына қатысушылардың мүдделерін қозғайтын ақпарат пен материалдарды қазақ және орыс тілдерінде уақтылы әрі тұрақты түрде орналастырады және жаңартып отырады.

2. Интернет-ресурстарда міндетті түрде орналастырылуға және жаңартылуға жататын ақпаратқа:

1) мақта саласының дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік-құқықтық актілер;

2) кедендік баждардың мөлшерлері, тарифтік квоталардың көлемдері және оларды қолдану тәртібі, мақта импорты мен экспортының көлемдері;

3) Қазақстан Республикасында мақта өндірісінің болжамы мен нақты көрсеткіштері;

4) уәкілетті орган және мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары белгілеген өзге де ақпарат жатады.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпарат тегін және оған қол жеткізу тең шарттармен беріледі.

 Ескерту. 2-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...4 5 5-1 6 7 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-1-бап Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298