Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Оңалту және банкроттық туралы

Оңалту және банкроттық туралы
49-бап. Уақытша басқарушының қорытындысы



Ст. 49 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



Уақытша басқарушы борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша мынадай:

1) борышкер төлемге қабілетті, борышкерді банкрот деп тану туралы кредитордың талаптары негізсіз болып табылатыны;

2) борышкер төлемге қабілетсіз және борышкерді банкрот деп тану үшін негіздер бар екені;

3) борышкер төлемге қабілетсіз және оңалту рәсімдерін қолдану үшін негіздер бар екені;

4) борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкер жоқ және оны банкрот деп тану үшін негіздер бар екені, бірақ оның есебінен банкроттық рәсімі жүзеге асырылуы мүмкін мүлкі (активтері) жоқ екені;

5) борышкердің өтініш берушіден басқа өзге кредиторларының жоқ екені;

6) борышкер уақытша басқарушыға есепке алу құжаттамасына рұқсат бермегені, бұл қорытынды жасауға кедергі болатыны туралы тұжырымдарды қамтитын талдамалық сипаттағы қорытынды жасайды.

Осы тармақтың 5) және 6) тармақшаларында көзделген қорытындыны негіздер болған кезде уақытша басқарушы өзі тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жасайды.

Статья 1 ...47 48 49 50 51 ...128 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 49-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ