Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Оңалту және банкроттық туралы

Оңалту және банкроттық туралы
57-бап. Кредитордың немесе прокурордың өтініші бойынша борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғамай оны тарату туралы шешiм



Ст. 57 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ




1. Уақытша басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жоқ екендігі және есебінен банкроттық рәсімін жүзеге асыру мүмкін болатын мүлкінің (активтерінің) жоқ екендігі туралы қорытындысын ескере отырып, жоқ борышкерге қатысты сот уәкілетті органның келісімімен борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғамай оны тарату туралы шешiм шығарады.

2. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді таратуды уәкілетті орган осы Заңның 118-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.


Статья 1 ...55 56 57 58 59 ...128 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 57-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ