Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Оңалту және банкроттық туралы

Оңалту және банкроттық туралы
58-бап. Кредитордың немесе прокурордың өтініші бойынша соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi



Ст. 58 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



1. Сот уақытша басқарушының:

1) борышкерді банкрот деп тану туралы кредитор талаптарының негізсіздігі туралы тұжырымдар қамтылған борышкердің қаржылық жағдайы туралы;

2) борышкердің өтініш берушіден басқа кредиторларының жоқ екендігі туралы қорытындысын ескере отырып, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарады.

Егер өтініш беруші салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор болып табылған жағдайда, осы тармақша қолданылмайды.

2. Сот осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда, борышкер өтініш берушіден Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

3. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi кредиторларды Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен борышкерге өз талаптарын қою құқығынан айырмайды.

Статья 1 ...56 57 58 59 59-1 ...128 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 58-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ