Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Оңалту және банкроттық туралы
93-бап. Кредиторлар жиналысының банкроттық рәсіміндегі өкілеттіктері



Ст. 93 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ




1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша басқарушы борышкер банкрот деп танылған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн мерзімінен кешіктірмей өткізеді.

2. Кредиторлардың алғашқы жиналысында:

1) кепіл мүлкіне бағалау жүргізу туралы шешім қабылданады;

2) уәкілетті органда тіркелген тұлғалар ішінен банкроттықты басқарушының кандидатурасы таңдалады;

3) кредиторлар комитетін құру туралы шешім қабылданады;

4) кредиторлар комитетінің саны айқындалады және кредиторлар комитетінің құрамы, төрағасы бекітіледі;

5) кредиторлар комитетінің жұмыс регламенті бекітіледі;

6) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:

1) кепіл мүлкін бағалау нәтижелерін ескере отырып, кепіл мүлкін кепілді кредиторларға олардың талаптарын қанағаттандыру үшін беру туралы мәселені қарау;

2) банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдау;

3) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

4) банкроттың мүліктік массасын түгендеу туралы есепті мақұлдау;

5) мүлікті (активтерді) бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдау;

6) мүлікті сату жоспарын бекіту;

7) банкроттың мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешім қабылдау;

8) мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы шешім қабылдау;

9) борышкердің өндіріп алу мүмкін емес дебиторлық берешегінің сомасын бекіту;

10) банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақы төлемінің сомасын айқындау;

11) банкроттықты басқарушыға қосымша сыйақы мөлшерін айқындау;

12) қорытынды есепті келісу;

13) банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзартуға келісім беру;

14) борышкердің кредиторларымен есеп айырысуға көшуі туралы шешім қабылдау;

14-1) баланста бар, бірақ түгендеу актісі бойынша жоқ жылжымалы мүлікті есептен шығару туралы шешім қабылдау;

14-2) банкроттық рәсімін жүргізу үшін банкроттықты басқарушының кредит алуы туралы шешім қабылдау;

14-3) бітімгершілік келісім жасасу туралы шешім қабылдау;

14-4) банкроттық рәсімі барысында оңалту рәсіміне өту туралы шешім қабылдау;

14-5) осы Заңның 95-1-бабында көзделген жағдайда оңалту жоспарын келісу;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар жатады.

4. Банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдау кезінде уәкілетті органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды кредиторлар жиналысы дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.

Кредиторлар жиналысы сайланған кандидатты оның кандидатурасын уәкілетті органға ұсынғанға дейін оның банкроттықты басқарушы ретінде таңдалғаны туралы хабардар етуге міндетті.

Уәкілетті орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны кредиторлар жиналысы оны ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға міндетті.

Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабының 3-тармағы негізінде банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындауға кедергі келтіретін мән-жайларды анықтаған жағдайда уәкілетті орган анықтаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысына банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындаудан дәлелді бас тартуды не осы Заңның 12-бабының 8-тармағының 11) тармақшасы негізінде банкроттықты басқарушының уәкілетті органдағы тіркеуден алып тасталғаны туралы хабарламаны жіберуге міндетті.

Кредиторлар жиналысы ұсынылған кандидатураны тағайындаудан уәкілетті орган бас тартқан жағдайда, банкроттықты басқарушы етіп тағайындау үшін басқа кандидатура ұсынуға міндетті.

Ескерту. 93-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 399-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...91 92 93 94 95 ...128 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 93-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ