Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Оңалту және банкроттық туралы
95-1-бап. Банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту



Ст. 95-1 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ




 1. Борышкерге қатысты оңалту рәсiмi қолданылмаған, ал банкроттық рәсімі барысында мүліктің меншік иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) осы Заңның 73-бабы 1, 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін оңалту жоспарын әзірлеген жағдайда мүліктің меншік иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) немесе ол уәкілеттік берген адам банкроттықты басқарушыға әзірлеген оңалту жоспарын және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту мүмкіндігін қарау үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы өтiнiшхатпен жүгінуге құқылы.

Банкроттықты басқарушы мүліктің меншік иесінен немесе құрылтайшыдан (қатысушыдан) не ол уәкілеттік берген адамнан өтiнiшхат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен кредиторлар жиналысын өткізу туралы кредиторларды хабардар етуге міндетті.

2. Кредиторлар жиналысы ұсынылған оңалту жоспарымен және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өтумен келіскен жағдайда жиналыс сонымен бір мезгілде мүліктің меншік иесінің немесе борышкердің мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі құрылтайшының (қатысушының) құқығын қалпына келтіру мәселесін шешуге не уәкілетті органда тіркелген адамдар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдауға міндетті.

3. Банкроттықты басқарушы оңалту жоспарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысанда оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытынды жасауға және борышкер мүлкінің меншік иесіне немесе құрылтайшыларға (қатысушыларға) жіберуге міндетті.

4. Борышкер мүлкінің меншік иесі, құрылтайшы (қатысушы) не ол уәкілеттік берген адам кредиторлар жиналысының келісімі және банкроттықты басқарушының оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындысы болған кезде банкроттық рәсiмін тоқтату, оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.

5. Сот борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшының (қатысушының) не ол уәкілеттік берген адамның банкроттық рәсiмін тоқтату, оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы өтінішін осы Заңда көзделген ерекшеліктерімен азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.

6. Істі қарау нәтижелері бойынша сот банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту не бас тарту туралы шешім шығарады.

7. Сот оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім шығарған жағдайда борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып борышкерді тарату туралы шешiмді оны шығарған сот жоюға тиіс.

 Ескерту. 6-тарау 95-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 399-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...94 95 95-1 96 97 ...128 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 95-1-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ