Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы
24-бап. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының



Ст. 24 Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы




 Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының, сондай-ақ осы Заңға сәйкес ақталған, мүгедектiгi бар немесе зейнеткер болып табылатын осы Заңның 2-бабында аталған саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен адамдардың:  

қамауда болған, жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеген, айдауда болған, арнайы қоныстарда бостандығын шектей отырып, мәжбүрлеп еңбекке тартылған және психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емделген уақыттарын зейнетақы алу үшiн еңбек стажына - үш еселенген мөлшерде есептеуге;  

кезектi еңбек демалысын өздерiне қолайлы уақытта алуға, сондай-ақ жылына екi аптаға дейiнгi мерзiмге жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алуға;  

4-8 азатжолдар  жекешелендiру купондарын сақтай отырып, тұрғын үй-жайды меншiкке тегiн алуға;  

бiрiншi кезекте телефон орнатуға;  бау-бақша қоғамдарына және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерiне бiрiншi кезекте кiруге;  

қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге бiрiншi кезекте орналасуға, оларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттiк қамсыздандыру жағдайында тұруға;  

протез-ортопедиялық бұйымдарымен жеңiлдiктi қамтамасыз етуге;  

ақталуға байланысты мәселелер бойынша адвокаттардан тегiн кеңес алуға құқылы.  

Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына, мүгедек болып қалған және зейнеткер болып табылатын, саяси қуғын-сүргiндер салдарынан зардап шеккен адамдарға тұрғын үйдi ұстау, коммуналдық қызмет көрсетулер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтiлерге қызмет көрсету) үшiн, телефонды пайдаланғаны үшiн, қалалық жолаушылар көлiгiнiң барлық түрiмен (таксиден басқа) жүруге және темiр жолда, су, әуе, қалааралық көлiкте жылына бiр рет жүруге жұмсалатын шығындарды төлеу үшiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төленедi.  

Жоғарыда аталған жеңiлдiктердi алу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген бiрыңғай үлгiдегi куәлiк негiз болып табылады.

Басқа мемлекеттерде - КСР Одағының бұрынғы одақтас республикаларында саяси қуғын-сүргiндерге ұшыраған, бiрақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және оның азаматы болып табылатын ақталған адамдар осы бапта көзделген барлық жеңiлдiктердi пайдаланады.  

Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.12.17 N 323, 1999.04.07 N 374 Заңдарымен. 


Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы