Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Республикалық референдум туралы

Республикалық референдум туралы
17-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық жөнiнде шешiм қабылдау



Ст. 17 Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592



Республика Президентi Парламент пен Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының бастамашылығы бойынша референдум тағайындау туралы мынадай:  

1) референдум тағайындау туралы;  

2) референдум өткiзбей-ақ, оның талқысына ұсынылатын мәселе (мәселелер) бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заң, заң немесе өзге де шешiм қабылдау қажеттiгi туралы;  

3) референдум тағайындау туралы бастамашылықты қабылдамау туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.  

1-1. Егер Республика Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаса, Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемінде бестен төртінің, көпшілік даусымен Парламент Конституцияға осы өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті сол заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады.

Ескерту. 17-бап 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06 N 376 Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592