Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Республикалық референдум туралы
16-бап. Қол жинаудың нәтижелерi бойынша қол қою парақтары мен қорытынды хаттаманы жiберу



Ст. 16 Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592



1. Қол жинауды жүзеге асырған адамдар толтырылған және тиiстi аумақтық сайлау комиссиясында тексеруден өткен қол қою парақтарын референдумның бастамашыл тобына жiбередi. Бастамашыл топ қол жинаудың нәтижелерi туралы жиынтық деректердi түзедi және қол жинау аяқталған күннен бастап он күннен кешiктiрмей толтырылған қол қою парақтары мен жиынтық деректердi Орталық сайлау комиссиясына жiбередi.  

2. Орталық сайлау комиссиясы табыс етiлген қол қою парақтары осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келген ретте қол жинаудың нәтижелерiн қорытынды хаттамаға енгiзедi. Референдум өткiзу туралы ұсыныс қол жинаудың нәтижелерi жайындағы қорытынды хаттамамен бiрге референдумның бастамашыл тобынан құжаттарды алған күннен бастап бiр айдың iшiнде Қазақстан Республикасының Президентiне жiберiледi.  

3. Қол қою парақтары мен қол жинаудың нәтижелерi жөнiндегi қорытынды хаттамаларды сақтаудың тәртiбi мен мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06 N 376 Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...37 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592