Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Республикалық референдум туралы

Республикалық референдум туралы
18-бап. Республикалық референдум тағайындау туралы шешiм



Ст. 18 Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592



1. Референдум тағайындау туралы шешiмдi Республика Президентi тиiстi Жарлық шығару жолымен қабылдайды, онда:  

1) референдумды өткiзу мезгiлi;  

2) оған қойылатын мәселенiң (мәселелердiң) тұжырымдамасы белгiленедi;  

3) референдумды өткiзуге байланысты өзге де мәселелер шешiледi.  

2. Республика Президентi референдум бастамашыларының келiсуiмен оны өткiзгенге дейiн оның бастамашыларының еркiн неғұрлым дәл бiлдiру үшiн референдумға қойылатын мәселенiң (мәселелердiң) тұжырымдамасын нақтылай түсуге хақылы.  

3. Референдум тағайындау туралы Республика Президентiнiң Жарлығы, Конституция, конституциялық заң, заң жобаларының мәтiндерi, оларға енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592