Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өзін-өзі реттеу туралы

Өзін-өзі реттеу туралы
22-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымға жарналар



Ст. 22 Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ



1. Өзін-өзі реттейтін ұйым міндетті жарналардың мынадай түрлерін белгілеуге құқылы:

1) өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікке (қатысуға) кіру кезінде төленетін кіру жарналары;

2) тұрақты мерзімді негізде төленетін мүшелік жарналар.

 Жарналар өзін-өзі реттейтін ұйымның меншігі болып табылады, олардың мөлшері және оларды жинау тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

2. Кіру жарнасының мөлшері мүшелік жарнаның мөлшерінен аспауға тиіс.

Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым үшін кіру және мүшелік жарналардың болмауы немесе болуы, сондай-ақ олар болған жағдайда шекті мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ