Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
39-бап. Селолық тұтыну кооперативi атқарушы органының құзыретi



Ст. 39 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы




1. Селолық тұтыну кооперативi атқарушы органының құзыретiне осы Заңмен, кооперативтiң жарғысымен немесе жалпы жиналыста (уәкiлдер жиналысында) қабылданған ережелермен және өзге де құжаттармен белгiленген, жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) құзыретiне жатпайтын кооператив қызметiн қамтамасыз етудiң барлық мәселелерi жатады. 

Жалпы жиналыстың (уәкілдер жиналысының) айрықша құзыретiне жатпайтын, осы Заңның 31-бабының 4-тармағына сәйкес атқарушы органға берілген өкiлеттiк те кооперативтiң атқарушы органының құзыретiне жатады. 

2. Селолық тұтыну кооперативiнiң үшiншi тұлғалармен қатынастарында кооперативтiң атқарушы органының өкілеттiгiне өзi белгiлеген шектеулерге сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Алайда селолық тұтыну кооперативi өзiнiң атқарушы органы үшiншi тұлғамен белгiленген шектеулердi бұза отырып жасасқан мәмiленiң жарамдылығын, егер мәмiле жасалған кезде үшiншi тұлғаның мұндай шектеулердi бiлгенiн дәлелдесе, даулауға құқылы.


Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...73 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 39-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы