Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
47-бап. Селолық тұтыну кооперативiнiң қорлары



Ст. 47 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Селолық тұтыну кооперативi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде мынадай қорлар: 

1) пайлық; 

2) бөлiнбейтiн; 

3) селолық тұтыну кооперативiн дамыту; 

4) резервтiк; 

5) пайшыларды ынталандыру және әлеуметтiк қолдау қорларын; 

6) селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысына сәйкес өзге де қорлар құруға құқылы. 

2. Селолық тұтыну кооперативiнің пайлық қоры кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарынан тұрады және кооперативтiң мүлкiн қалыптастыру көздерiнiң бiрi болып табылады. 

3. Кооператив алған табыстар және заңдарда тыйым салынбаған өзге де көздер селолық тұтыну кооперативiнiң басқа қорларын қалыптастыру көзi болып табылады. 

4. Селолық тұтыну кооперативi қорларын қалыптастыру мен пайдалану тәртiбiн, олардың қайта бөлiнуiн селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы) белгілейдi.

Статья 1 ...45 46 47 48 49 ...73 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 47-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы