Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 46 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
46-бап. Мүлiктiк (пайлық) жарна

1. Кооперативтi құру кезiндегi мүлiктiк (пайлық) жарнаның ең төмен мөлшерiн селолық тұтыну кооперативiнің құрылтай жиналысы белгiлейдi. 

2. Кооператив құрылғаннан кейiн жаңадан кiрген пайшыларға арналған мүлiктiк (пайлық) жарнаның ең төмен мөлшерi селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысымен белгiленедi. 

3. Селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысымен мүлiктiк (пайлық) жарнаның ең жоғары мөлшерi шектелуi мүмкiн. Мұндай шектеудi белгiлi бiр пайшыға қатысты белгiлеуге болмайды. 

4. Қосымша (нысаналы) мүлiктiк (пайлық) жарнаның мөлшерiн селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы) белгiлейдi. 

5. Мүлiктiк (пайлық) жарна ақшалай, бағалы қағаздармен, затпен, мүлiктiк құқықпен, оның iшінде жердi пайдалану құқығымен және интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықпен және өзге де мүлiкпен енгiзiлуi мүмкiн. 

Жарналарды жеке мүлiктiк емес құқықтар және өзге де материалдық емес игiлiктер түрiнде енгiзуге жол берiлмейдi. 

6. Пайшылардың заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқық түрiндегi жарналары барлық пайшылардың келiсiмi бойынша немесе селолық тұтыну кооперативi жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне бара-бар сомадан артық болса, оның бағалануын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс. 

7. Кооперативке салым есебiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi пайдаланғаны үшiн селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы) белгiлеген бүкiл мерзiмге есептелiп төленетiн ақымен белгіленедi. 

Селолық тұтыну кооперативi жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) келiсiмiнсiз пайдалану құқығы мүлiктiк (пайлық) салым болып табылатын мүлiктi мерзiмiнен бұрын алып қоюға жол берiлмейдi. 

Егер селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында өзгеше көзделмесе, кооперативтiң пайдалануына берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылып кету немесе бүлiну қаупi мүлiк иесiне жүктеледi. 

8. Мүлiктiк (пайлық) жарналарды енгiзу мерзiмi селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында белгiленедi.
Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...73

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться