Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё
21-бап. Журналистiң мiндеттерi

Ст. 21 Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Журналист: 

1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға; 

1-2) таратылатын ақпараттың анықтығын тиісті жеке және (немесе) заңды тұлғаларға сұрау салулар жіберу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен тексеру жөніндегі шараларды қабылдауға; 

2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға; 

3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға; 

3-1) егер мәліметтер ресми хабарларда көрсетілген және (немесе) оларды жеке және (немесе) заңды тұлғаның өзі не олардың өкілдері қолжетімділігі шектелмеген дереккөздерде таратқан жағдайларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғадан не олардың өкілдерінен бұқаралық ақпарат құралында жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды таратуға келісімін алуға; 

4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге; 

4-1) алып тасталды - ҚР 2009.02.06 № 123-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; 

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi. 

Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.05.03 № 181, 2009.02.06. № 123-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. Журналистерді аккредиттеу


Ескерту. 6-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.06 № 123-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...26

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451