Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё
19-бап. Теріске шығару не жауап беру құқығы

1. Азамат немесе заңды тұлға бұқаралық ақпарат құралдарынан осы бұқаралық ақпарат құралында таратылған, шындыққа сәйкес келмейтін және ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды талап етуге құқылы. Мұндай құқыққа азаматтың немесе заңды тұлғаның өкілдері де ие болады. 

Азамат немесе заңды тұлға теріске шығаруға өтініш жасаған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралында таратылған мәліметтердің шындыққа сәйкес келетіні жөнінде дәлелдемелері болмаған осы бұқаралық ақпарат құралының редакциясы оларды сол бұқаралық ақпарат құралында теріске шығаруға міндетті. 

2. Теріске шығару туралы талап шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер, осы бұқаралық ақпарат құралында олардың таратылған уақыты мен тәсілі көрсетіле отырып, жазбаша ресімделуге тиіс. 

Мерзімді баспасөз басылымдарында теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған жерде сол қаріппен жариялануға және "Теріске шығару" тақырыбымен орналастырылуға тиіс.  

Радио және теледидар арқылы теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты сол тәулік уақытында және сол теле- радиобағдарламада, ал көрсетілген теле-, радиобағдарлама жабылып қалған жағдайларда – оған сәйкес келетін тақырыптық бағыты бар өзге теле-, радиобағдарламада берілуге тиіс.  

Теріске шығару көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі және одан көп есе аспауға тиіс.  

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін өзіне қатысты мәліметтер жарияланған азаматтың немесе заңды тұлғаның сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауабын тегін жариялауға құқығы бар.  

Мерзімді баспасөз басылымдарында жауап теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған жерде сол қаріппен жариялануға және "Жауап" тақырыбымен орналастырылуға тиіс.  

Радио және теледидар арқылы жауап теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты сол тәулік уақытында және сол теле-, радиобағдарламада, ал көрсетілген теле-, радиобағдарлама жабылып қалған жағдайларда – оған сәйкес келетін тақырыптық бағыты бар өзге теле-, радиобағдарламада берілуге тиіс.  

Жауаптың көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі және одан көп есе аспауға тиіс.  

Азаматтың немесе заңды тұлғаның не оның өкілінің жауабы: 

жарыққа (эфирге) күн сайын шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында – азаматтан немесе заңды тұлғадан не оның өкілінен алынатын жауапқа құқықты беру туралы талап алынған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде; 

жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында – жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады немесе беріледі. 

Бұқаралық ақпарат құралы жауапты жариялаудан, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның не олардың өкілінің жауабында таратылуына Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін өзгеше түрде бұзатын ақпарат қамтылған жағдайда, бас тартуға құқылы. 

4. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат құралы мұндай жарияланымнан бас тартқан не бiр айдың iшiнде теріс шығаруды немесе жауапты жарияламаған жағдайда, сондай-ақ осы бұқаралық ақпарат құралы таратылған жағдайда, сотта қаралады. 

5. Заңды күшіне енген сот шешімін орындау үшін таратылатын теріске шығару не жауап: 

1) жарыққа (эфирге) аптасына кемінде бір рет шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында – егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, теріске шығару туралы талап алынған күннен бастап екі тәулік ішінде;  

2) жарыққа (эфирге) шығару кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында – егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады. 

6. Ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн өзіне қатысты мәлiметтер таратылған азамат мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтiрiлген залалдың және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы. 

Іскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн өзіне қатысты мәлiметтер таратылған заңды тұлға мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтiрiлген залалдың орнын толтыруды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен талап етуге құқылы. 

Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. Журналистің құқықтары мен міндеттері

Статья 1 ...18‑3 18‑4 19 20 21 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться