Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы
20-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға мәртебесінен айыру рәсімі

1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға осы Заңның 18-бабының 16 және 17-тармақтарында көзделген талаптарды сақтамаған жағдайда осындай қатысушымен немесе тұлғамен жасалған қызметті жүзеге асыру туралы шарт немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт осы Заңда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және қызметті жүзеге асыру туралы шартта немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген тәртіппен бұзылуға жатады. 

2. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның жобаны іске асыруға әсер ететін шарттың талаптарын және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамағаны анықталған кезде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы анықталған бұзушылықтарды жою үшін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім белгіленетін тиісті акт жасайды және оны осындай қатысушыға немесе тұлғаға жібереді. 

3. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға шарт бойынша міндеттемелерді елеулі бұзған мынадай жағдайларда: 

1) қатысушы немесе тұлға шартта көзделген объектілерді жобалауды жүргізу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру және пайдалануға беру мерзімдерін дәлелсіз себептермен қатарынан күнтізбелік алты айдан артық сақтамаса; 

2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен келісілмей қатысушының немесе тұлғаның қызметі күнтізбелік екі айдан астам мерзімге тоқтатыла тұрса; 

3) қатысушы немесе тұлға шарт талаптарын және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды осы баптың 2-тармағында көзделген актіде айқындалған мерзімде жоймаса, қызметті жүзеге асыру туралы шартты немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзады. 

4. Осы баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша шартты бұзу кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартын немесе жер учаскесін уақытша кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шартын бұзуға да алып келеді. 

5. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт бұзылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік кіріс органын, бірыңғай үйлестіру орталығын, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын хабардар етеді. 

Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...59

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?


Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться