Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 51 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы
51-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары мен басқарушы компанияларына, индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына салық салу

1. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары мен басқарушы компаниялары, индустриялық аймақтардың басқарушы компаниялары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салықтық преференцияларды қолданады.

2. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары жобаның құнына байланысты мынадай санаттар:

1) жобаның құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 000 000 еселенген мөлшеріне дейін – А санаты;

2) жобаның құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 000 000 еселенген мөлшерінен бастап 14 500 000 еселенген мөлшеріне дейін – B санаты;

3) жобаның құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 500 000 еселенген мөлшерінен бастап – С санаты бойынша салықтық преференцияларды қолданады.

Бұл ретте тамақ өнімдерін, тоқыма бұйымдарын, киім-кешек, былғары және оған жататын өнімдерді шығару, компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар жасау, электр жабдықтарын жасау салаларында қызметті жүзеге асыратын арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларына жобаның құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 000 еселенген мөлшерінен бастап 14 500 000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде B санаты беріледі.

Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.12.2023 № 46-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...49 50 51 52 53 ...59

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?


Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться