Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
12-бап. Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы қағидаттары



Ст. 12 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ



1. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі, осындай залалды келтіру қатерін төндіретіні немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауы анықталған болса, демпингке қарсы шара демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын осындай тауарға қолданылады.

2. Тауар, егер осындай тауардың экспорттық бағасы тауардың қалыпты құнынан төмен болса, демпингтік импорттың нысанасы болып табылады.

3. Демпингтік импорттың болуын айқындау мақсаттары үшін мәліметтер талданатын тергеп-тексеру кезеңін тергеп-тексеруді жүргізетін орган белгілейді.

Бұл ретте, мұндай кезең, әдетте, тергеп-тексеруді жүргізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы, статистикалық деректері бар он екі айға тең мерзімге белгіленеді, бірақ кез келген жағдайда бұл кезең алты айдан кем болмауға тиіс.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...45 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ