Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Субсидиялар және өтем шаралары туралы

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
32-бап. Өтем бажын енгiзу



Ст. 32 Субсидиялар және өтем шаралары туралы




1. Өтем бажын енгiзу және оның ставкасының мөлшерi туралы шешiмдi уәкiлеттi органның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды және ол ресми басылымдарда қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Жарияланымда осы Заңның 27-бабында көзделген мәлiметтер, сондай-ақ өнiм берушiлердiң дәлелдерiн немесе талаптарын қабылдау немесе қабылдамай тастау себептерi болуға тиiс. 2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өтем бажын енгiзу туралы шешiмiнде шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауарды берушi немесе берушiлер көрсетiлуге тиiс.

Iске бiр елдiң бiрнеше өнiм берушiлерi тартылып, барлық өнiм берушiлердi атау мүмкiн болмаған жағдайда ел ғана аталады.

Егер iске бiр елден көп елдiң бiрнеше өнiм берушiлерi тартылса, не барлық тартылған өнiм берушiлер, не бұл iс жүзiнде мүмкiн болмаса, тартылған өнiм берушi елдердiң әрқайсысы аталады. 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өтем бажын енгiзу туралы шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары оны, баға бойынша мiндеттемесi қабылданған өнiм берушiлердiң тауарын қоспағанда, барлық әкелiнетiн, iстi қарау жүргiзiлген тауардан өндiрiп алады.


Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-бап Субсидиялар және өтем шаралары туралы