Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
17-бап. Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары

Ст. 17 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Сот сараптамасы органының басшысы: 

1) осы Заңның 43-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті уәждерді көрсете отырып, сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және зерттеуге ұсынылған объектілерді орындамай қайтаруға; 

2) егер арнайы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдарды енгізу туралы сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) алдында өтінішхат беруге; 

3) шет мемлекеттің сот сарапшысын тарту туралы сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) алдында өтінішхат беруге; 

4) сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзарту туралы сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) алдында уәжді өтінішхатты мәлімдеуге құқылы. 

Сот сараптамасы органы басшысының сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар. 

2. Сот сараптамасы органы басшысының: 

1) сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті объектілерді өзі дербес талап етуге; 

2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) келісімінсіз оны жүргізуге тартуға; 

3) сот сарапшысына нақты сот сараптамасы бойынша түйіндердің мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқығы жоқ.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...64

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ