Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
16-1-бап. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасы



Ст. 16-1 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132



 1. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасы:

1) соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды облыстық соттың жалпы отырыстарында қарау үшін оларды дайындауды қамтамасыз етеді;

1-1) тәртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;

2) осы Конституциялық заңда облыстық соттың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы жеті мүшеден – облыстық соттың төрағасынан және сот алқаларының төрағаларынан, Судьялар одағы филиалының төрағасынан, Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасынан, сондай-ақ облыстық соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге жіберетін екі судьядан тұрады.

3. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасын облыстық соттың төрағасы шақырады және ол өз мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде құқықты болады.

4. Облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының жұмысын ұйымдастыру облыстық соттың жалпы отырысы бекітетін регламентпен айқындалады.

 Ескерту. 2-тарау 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 07.11.2014 N 245-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ

Статья 1 ...15 16 16-1 17 18 ...59 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-1-бап Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132