Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 130 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
130-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындауы мен тоқтатылуы және тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде оларды төлеу мерзімдері

1. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарын төлеу жөніндегі міндет тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде туындайды. 

Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде туындайды. 

2. Егер тауарларды заңсыз өткізген тұлға және тауарларды заңсыз өткізуге қатысатын тұлғалар мұндай өткізудің заңсыз екендігін білсе немесе білуге тиіс болса, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет оларда бірге туындайды, ал тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде, егер заңсыз әкелінген тауарларды меншігіне немесе иелігіне алған кезде олардың заңсыз әкелінгенін білген немесе білуге тиіс болған тұлғаларда да туындайды. 

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізуі кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады. 

4. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде – тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі анықталған күн кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі. 

Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы дұрыс емес декларациялаумен заңсыз өткізу жағдайында, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, кеден органының тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі. 

5. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждар, салықтар: 

1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде – кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген және тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал егер бұл күн анықталмаса, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған күні қолданыста болған валюталардың нарықтық бағамы негізге алынып есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференцияларды және жеңілдіктерді есепке алмай, осындай тауарларды ішкі пайдалану үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтарының сомаларына сәйкес келетін мөлшерде; 

2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде - кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген және тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал егер бұл күн анықталмаса, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған күні қолданыста болған валюталардың нарықтық бағамы негізге алынып есептелген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференцияларды және жеңілдіктерді есепке алмай, осындай тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төлеуге жататын кедендік әкету баждарының тиісті сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады. 

Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы дұрыс емес декларациялаумен заңсыз өткізу жағдайында кедендік баждар, салықтар, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні мәлімделген кедендік рәсіммен осындай тауарларды орналастыру кезіндегі дұрыс мәліметтер негізінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады. Бұл ретте, кедендік декларациялау кезінде іс жүзінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомалары қайта төленбейді (өндіріп алынбайды), ал кедендік баждардың, салықтардың артық төленген (өндіріп алынған) сомалары осы Кодекстің 17 және 18-тарауларына сәйкес қайтарылуға жатады. 

6. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезіндегі кедендік баждар, салықтар осы тарауға сәйкес есептеледі. 

Егер төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын анықтау тауарлардың сипаты, олардың атауы, саны, шығарылған елі және кедендік құны туралы нақты мәліметтерді кеден органына табыс етпегендіктен мүмкін болмаса, кедендік баждардың, салықтардың сомалары кедендік баждар, салықтар ставкаларының неғұрлым көп шамасы, сондай-ақ тауарлардың қолда бар мәліметтері негізінде анықталуы мүмкін саны және (немесе) құны негізге алынып анықталады. 

Тауарлар туралы дәлме-дәл мәліметтер кейіннен анықталған кезде кедендік баждардың, салықтардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын осы Кодекстің 17 және 18-тарауларына сәйкес қайтару не төленбеген сомаларын өндіріп алу жүргізіледі.

Статья 1 ...128 129 130 131 132 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 130-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV