Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР кеден iсi туралы
28-бап. Кеден өкілдерінің тізілімінен шығару үшін негіздер



Ст. 28 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV




1. Кеден өкілдерінің тізілімінен шығару үшін мыналар:

1) осы Кодекстің 26-бабында белгіленген кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттарының сақталмауы;

2) кеден өкілінің оны кеден өкілдерінің тізілімінен шығару туралы өтініші;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;

4) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.

2. Кеден өкілдерінің тізілімінен шығару туралы шешім шығару себебі көрсетіле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.

3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат аталған тұлғаға жазбаша нысанда жіберіледі.

4. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1)-2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кеден өкілдерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайтадан берілген өтінішін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қарайды.


Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...477 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 28-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV