Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
39-бап. Уақытша сақтау қоймасының иесі



Ст. 39 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV




1. Осы Кодекстің 40-бабында айқындалған шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының аумағында құрылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уақытша сақтау қоймасының иесі болып табылады.

Заңды тұлға уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін уақытша сақтау қоймасының иесі болып танылады.

2. Уақытша сақтау қоймасының иесі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылаудағы тауарларды сақтауды жүзеге асырады.

3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміндегі ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жібереді.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет–ресурсына жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.


Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...477 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV