Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
46-бап. Кеден қоймасының иесі



Ст. 46 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV




1. Осы Кодекстің 47-бабында айқындалған талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кеден қоймасының иесі болып табылады.

Заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін кеден қоймасының иесі болып танылады.

2. Кеден қоймасының иесі осы Кодексте белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылаудағы тауарларды сақтауды жүзеге асырады.

3. Кеден қоймасы иесінің декларанттармен немесе өзге мүдделі тұлғалармен қатынасы шарт негізінде құрылады.

4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кеден қоймалары иелерінің тізіліміндегі ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.


Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...477 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 46-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV