Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР кеден iсi туралы
80-бап. Алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш



Ст. 80 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Алдын ала шешімді тұлғаның (бұдан әрі осы тарауда – өтініш беруші) жазбаша түрде немесе электрондық құжат түрінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берген өтініші негізінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі қабылдайды.

2. Тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініште тауарлардың толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы, негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары және тауарларды бірдей сыныптауға мүмкіндік беретін өзге де ақпарат қамтылуға тиіс. Қажет болған кезде өтініш берушінің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, паспорттары, тауарлардың сынамалары мен үлгілері және осы алдын ала шешімді қабылдау үшін басқа да құжаттар табыс етіледі.

3. Егер өтініш беруші табыс еткен мәліметтер алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіні кеден органына алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қосымша ақпарат беру қажеттілігі туралы хабардар етеді. Қосымша ақпарат өтініш берушіге жазбаша хабарланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етілуге тиіс. Егер ақпарат белгіленген мерзімде берілмесе, алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш қабылданбайды.

Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...78 79 80 81 82 ...477 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 80-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV