Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Техникалық реттеу туралы
22-бап. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерi

Ст. 22 Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Экономика салаларында пайдаланылатын және есепке алынуға тиiс техникалық-экономикалық ақпарат жiктелуге және код қойылуға жатады. 

1-1. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе техникалық регламенттерде бұл туралы нұсқаулар қамтылған жағдайда, міндетті болып табылады. 

2. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін әзiрлеу ұлттық стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарларына сәйкес жүргiзiледi. 

3. Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiн әзiрлеудi, жүргiзудi және өзектi етуді жүзеге асырады. 

Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiнiң тiзiлiмiн уәкiлеттi орган жүргiзедi. 

4. Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және оған код қою жүйесiн құру мен оның жұмыс істеуін бақылау жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi уәкiлеттi орган белгiлейдi. 

Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...21‑1 21‑2 22 23 24 ...47

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603