Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Техникалық реттеу туралы
39-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

Ст. 39 Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:  

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы - уәкiлеттi органның басшысы;  

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;  

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары – аумақтық бөлімшелердің басшылары; 

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары – аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары; 

5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары – аумақтық бөлімшелердің мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мамандары жатады. 

2. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында санамаланған мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз құзыретi шегінде мемлекеттiк органдар белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.  

3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.  

Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.  

Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 225 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 № 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...47

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-бап Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603