Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы
4-бап. Сауда-өнеркәсiп палаталарының мақсаттары мен мiндеттерi



Ст. 4 Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы



1. Сауда-өнеркәсiп палаталары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға, оның дүниежүзiлiк шаруашылық жүйесiне ықпалдасуына, қазiргi заманғы өнеркәсiп және сауда инфрақұрылымын қалыптастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу мақсатында құрылады.

2. Сауда-өнеркәсiп палаталарының мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу;

2) экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу;

3) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлерi мен заңды тұлғаларына сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жаңа нысандарын игеруде практикалық көмек көрсету;

4) кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiне ақпараттық қызмет көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдесу;

5) өздерiне берiлген құқықтар шеңберiнде жосықсыз бәсекенi болғызбауға және оның жолын кесуге шаралар қолдану.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы