Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8-6 Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы
8-6-бап. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру

1. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеруді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары шағын көлемді кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан) және кеме жүргізушінің Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізеді. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру шағын көлемді кеменің кеме жүргізушісінің қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін. 

Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру кеме пайдаланылатын аудан мұздан тазартылғаннан кейін жүргізіледі.  

Шағын көлемді кемелерді бақылау мақсатында қарап-тексеру кемені пайдалану кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі. 

2. Шағын көлемді кемелердi қарап-тексеру кезiнде: 

1) кеме билеті; 

2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік; 

3) техникалық куәландырудан өткендігі; 

4) шағын көлемді кемеде жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларының, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердiң дұрыс орналастырылуының сақталуы; 

5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы; 

6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы; 

7) орналасқан орнына қарамастан, кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы; 

8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі; 

9) отын ағуының, дірілдің, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдалуының болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамдылығы; 

10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі; 

11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы және сәйкестігі; 

12) кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) кеменің пайдаланылуы; 

13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы; 

14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі тексеруге жатады. 

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру нәтижелерi бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлiмшесінiң лауазымды адамы шағын көлемді кеменiң атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесiн (кеме жүргізушіні), қарап-тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және шағын көлемді кемені пайдалану қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің (құрамның) жүзуіне тыйым салады, бұл туралы кеме жүргізуші кеме иесіне хабар береді. 

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мәлімделген бас тарту уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады. 

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы – кеме иесінде, екіншісі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде сақталады. 

Ескерту. 1-1-тарау 8-6-баппен толықтырылды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. КЕМЕ

Статья 1 ...8‑4 8‑5 8‑6 9 10 ...248

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться