Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
17-бап. Тасымалдаушының және аралас тасымалдарға қатысушылардың жауапкершілігі



Ст. 17 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156



Тасымалдаушының жолаушылармен және жүк иелерiмен, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторының клиентпен (жүк жөнелтушiмен, жүк алушымен, жолаушымен, кемемен жалданушымен), тасымалдаушының аралас тасымалдар операторымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы жасасқан келiсiмдерiнiң, жүк тасымалдары кезiнде осындай келiсiмдер жасасу мүмкiндiгi оларда көзделген жағдайларды қоспағанда, күшi болмайды.

Тасымалдаушы жүктің, багаждың және пошта жөнелтiлiмдерiнiң тасымалдауға қабылданған кезінен бастап алушыға берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз етедi.

Егер тасымалдаушы жүктiң немесе багаджың жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетiспегенi немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.

Аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы, егер жүктiң жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi, сондай-ақ жүкті жеткізіп берудің кешіктірілуі өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктің жоғалғаны, жетіспегені немесе бүлінгені, жеткізіп берудің кешіктірілгені үшін, сондай-ақ шарттың орындалуына тартылған өз жұмыскерлерінің немесе үшінші тұлғалардың әрекеттері және қателіктері үшін клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

Аралас тасымалға қатысатын тасымалдаушы, егер жүктің жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi, сондай-ақ жүкті жеткізіп берудің кешіктірілуі өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүкті тасымалдауға қабылдаған кезден бастап басқа тасымалдаушыға берген немесе клиентке (жүк жөнелтушiге, жүк алушыға, жолаушыға, кемемен жалданушыға) тапсырған кезге дейін ол жүктің жоғалғаны, жетіспегені немесе бүлінгені, жүкті жеткізіп берудің кешіктірілгені үшін аралас тасымалдар операторы алдында жауаптылықта болады.

Жүктi немесе багажды тасымалдау кезiнде келтiрiлген залал:

1) жүк немесе багаж жоғалған немесе жетiспеген жағдайда – жоғалған немесе жетiспеген жүктiң немесе багаждың құны мөлшерiнде;

2) жүк немесе багаж бүлiнген (бұзылған) жағдайда – олардың құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал бүлінген жүктi немесе багажды қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда – олардың құны мөлшерiнде;

3) құндылығы жарияланып, тасымалдауға тапсырылған жүк немесе багаж жоғалған жағдайда – жүктiң немесе багаждың жарияланған құны мөлшерiнде өтеледi.

Жүктiң немесе багаждың құны уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн қағидалар (әдiстеме) бойынша тасымалдау және көлiк түрлерiне байланысты немесе Қазақстан Республикасы жасаған тиісті халықаралық шарттардың қағидаттары негiзiнде белгiленетiн бағасы негiзге алына отырып айқындалады.

Жүктiң немесе багаждың сақталмауының себептерi туралы тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы немесе аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы бiржақты тәртiппен жасаған құжаттар (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт және өзге де құжаттар), дау туған жағдайда, жүк немесе багаж тасымалдаушының, жөнелтушiнiң не алушының жауапкершiлiгiне негiз болуы мүмкiн мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге соттың бағалауына жатады.

Егер тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде – аралас тасымалдар операторы және аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы жауап беретiн жүк немесе багаж сапасының бүлiнуі салдарынан мүлдем өзгерiп, ол тiкелей мақсатына қарай пайдаланыла алмайтындай болып қалса, жүктi немесе багажды алушы одан бас тартуға және оны жоғалтқаны үшiн өтем талап етуге құқылы.

Жүк немесе багаж жоғалған не толық жетіспеген жағдайларда – тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы – клиентке (жүк жөнелтушіге, жүк алушыға, жолаушыға, кемемен жалданушыға) және аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы – аралас тасымалдар операторына өтем төлей отырып, жоғалған жүктi немесе багажды тасымалдағаны үшiн ақыны қайтарып бередi.

Егер тiркелген багажды немесе жүктi тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде – аралас тасымалдар операторы және аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы жоғалды деп мойындаса немесе, егер осы багаж не жүк жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн жеті күн iшiнде межелі пунктке келiп жетпесе, олар жоғалды деп есептеледi.

Алайда, егер багаж немесе жүк көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп жеткен болса, жүк алушы жүктi қабылдауға және багажды немесе жүктi жоғалтқаны үшiн тасымалдаушы төлеген соманы қайтарып беруге құқылы, ал аралас тасымалдар кезінде багажды немесе жүктi жоғалтқаны үшiн соманы клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) – аралас тасымалдар операторына, аралас тасымалдар операторы – тасымалдаушыға қайтарып беруі мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңдарында тасымалдаушы және аралас тасымалдарға қатысушылар жауапкершілігінің өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 363-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...15-2 16 17 17-1 18 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156