Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Аралық соттар туралы

Аралық соттар туралы
27-бап. Тараптардың аралық соттың отырысына қатысуы



Ст. 27 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22



1. Тараптардың әрқайсысына өз ұстанымын баяндау және өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн тең мүмкiндiктер берiлуге тиiс.

2. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда аралық сотта iс қарау - тараптардың немесе олардың өкiлдерiнiң қатысуымен аралық соттың отырысында жүзеге асырылады.

Өкiлдiң өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген талаптар сақтала отырып ресiмделуге тиiс.

3. Тараптарға аралық сот отырысының уақыты мен орны туралы алдын ала және тиiстi түрде хабарлама тапсырылуға тиiс.

Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда барлық құжаттардың, материалдардың көшiрмелерi мен аралық сотқа тараптардың бiрi ұсынатын ақпаратты аралық сот басқа тарапқа беруге тиiс. Аралық сот өзiнiң шешiмiн негiздейтiн сараптамалық қорытындыларын тараптарға беруге тиiс.

4. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда аралық соттың құрамы iстi жабық отырыста қарайды.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22