Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Аралық соттар туралы

Аралық соттар туралы
28-бап. Тараптардың құқықтары



Ст. 28 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22



Аралық сотта iс қарауға қатысушы тараптардың:

1) iс материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жазып алуға және көшiрмелер түсiруге;

2) дәлелдемелердi табыс етуге;

3) өтiнiш бiлдiруге, аралық судьялардан бас тартуға;

4) процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер беруге;

5) процесс барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерiн беруге;

6) басқа тараптың өтiнiмдерiне және дәлелдерiне қарсылық бiлдiруге;

7) аралық сот отырысының хаттамасымен танысуға және ол бойынша жазбаша ескертпелер беруге;

8) құзыреттi сот алдында аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы өтiнiш беруге;

9) заңда белгiленген жағдайларда аралық соттың шешiмiне шағымдануға құқығы бар.

Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-бап Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22