Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы
4-бап. Туристiк индустрия



Ст. 4 Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211



1. Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.

2. Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi:

1) турлар ұсыну жөнiндегi қызмет көрсету;

2) тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету;

3) тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсету;

4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;

5) көлiк қызметiн көрсету;

5-1) көліктің барлық түрлеріне билеттерді және іс-шараларға баруға билеттерді беру бойынша (броньға қоюды, сатуды және жеткізуді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтер;

6) ойын-сауық;

7) туристік қызмет көрсету шартында көзделген өзге де туристiк көрсетілетін қызметтер.

Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...29 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211