Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы

Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы
6-бап. Туризмнiң ұйымдық нысандары мен түрлерi



Ст. 6 Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211



1. Халықаралық және iшкi туризм туризмнiң ұйымдық нысандары болып танылады.

2. Халықаралық туризм:

1) келу туризмiн - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхатын;

2) шығу туризмiн - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.

3. Ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты.

4. Туризм түрлері – әлеуметтiк, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, iскерлiк, конгрестiк, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, дiни, медициналық, балалар-жасөспірімдер, оқиғалы және басқа да түрдегі туризм.

Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...29 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211