Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
25-бап. Резиденттердің шоттары



Ст. 25 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57



1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, резиденттер шет ел валютасымен уәкілеттi банктерде банк шоттарын шектеусiз ашады.

2. Банктерді және Ұлттық почта операторын қоспағанда, резидент заңды тұлғалар шетелдік банкпен шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде шетелдік банктерде банк (оның ішінде жинақ) шоттарын ашқаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлауға міндетті.

2-1. Жеке тұлғадан шетелдік банктегі шоты туралы хабарлау талап етілмейді. Резидент жеке тұлғалардың шетелдік банктердегі меншікті шоттарынан (меншікті шоттарына) аударымдардың көлемдері туралы осындай аударымдарды жүзеге асыратын уәкілетті банк хабарлайды.

 РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақ Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.

3. Резидент жеке тұлғалардың шетелдiк банктерде шоттар ашуы лицензиялау режимiнде жүзеге асырылады, оған:

1) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының немесе ақшаның iзiн жасыруға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзiрлеу тобының мүшелерi болып табылатын мемлекеттерде орналасқан шетелдiк банктерде шоттар ашу;

2) жеке тұлғаның өзге мемлекеттердiң аумағында болған уақытта оларда орналасқан шетелдік банктерде шоттар ашуы кiрмейдi. Резидент жеке тұлғалар Қазақстан Республикасына оралғаннан кейiн шетелдiк банктегi шотын жабуға немесе лицензия алуға өтініш беруге міндетті.

 РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақ Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.

4. Резидент заңды тұлғалардың шетелдік банктерде шоттар ашуы лицензиялау режимінде жүзеге асырылады, оған:

1) банктердің шоттар ашуы;

2) резидент қаржы ұйымдарының бағалы қағаздардың халықаралық нарықтарында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу үшін шетелдік банктерде шоттар ашуы;

3) резидент заңды тұлғалардың сол заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерін ұстауға байланысты шығыстарды қаржыландыру мақсатына арнап, шетелдік банктерде шоттар ашуы;

4) резидент заңды тұлғалардың шетелдік банктерде заңды тұлғаның жарғылық капиталын төлеуі ретінде талап етілетін қаражатты, егер мұндай талап резиденттің қатысуы көзделетін шет мемлекеттің заңнамасында белгіленсе, аударуға арналған шоттар ашуы;

5) резидент заңды тұлғалардың резидент еместерден тартылған қарыздар бойынша резиденттердiң резидент еместер алдындағы мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында шетелдiк банктерге қаражатты аударуға арналған шоттар ашуы кiрмейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясында шетелдiк банктегi қаражат қалдығының лимитi және шотты пайдалану шарттары белгiленуi мүмкiн.

 РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармақ Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.

5. Резидент заңды тұлғалардың осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында аталған шоттарды ашуы тіркеу режимiнде жүзеге асырылады.

Осындай шоттарды пайдалану шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленедi.

  Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04 № 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.06 № 530-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...34 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57