Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы
11-бап. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы



Ст. 11 Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ



1. Судьялыққа кандидаттардың білім деңгейін және оны практикада қолдану қабілетін айқындау үшін олардан біліктілік емтиханын қабылдауды Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады. 

2. Комиссияның құрамына Кеңес тағайындайтын адамдар: 

1) Комиссия төрағасы; 

2) құқық оқытушыларының, ғалым заңгерлердің арасынан бес маман; 

3) Сот жюриі өз құрамынан ротациялық негізде жіберетін үш судья, оның ішінде отставкадағы судьялар; 

4) Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, адвокатураның бір-бір өкілі; 

5) өзге де жұртшылық өкілдері кіреді. 

Комиссия құрамына шетелдік сарапшылар енгізілуі мүмкін. 

3. Комиссия төрағасы мен мүшелері оның құрамына екі жыл мерзімге тағайындалады немесе жіберіледі. Бос орын болған жағдайда Комиссияның жаңа мүшесі Комиссияның алдыңғы мүшесі шығып қалған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей тағайындалады немесе жіберіледі. 

4. Комиссия құрамына ұсынылған адамдардың заңтану саласындағы кәсіби білімі, заң мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі және мінсіз беделі болуға тиіс. 

5. Комиссияның төрағасы мен мүшелері жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе жекжаттарына қатысты мәселелер қаралған кезде отырысқа қатысуға құқылы емес. 

6. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Кеңес аппараты жүзеге асырады.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ