Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ


Утратил силу

Халықты жұмыспен қамту туралы
19-бап. Кәсіптік оқыту

1. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды. 

2. Егер: 

1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмағанда; 

2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстардың болмауына байланысты кәсібін (мамандығын), қызмет түрін өзгерту қажет болғанда; 

3) бұрынғы мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқанда, халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылуы мүмкін. 

3. Кәсіптік оқыту: 

1) жұмыс іздеп жүрген адамдар; 

2) жұмыссыздар; 

3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады. 

4. Басым тәртіппен кәсіптік оқытудан өтуге: 

1) мүгедектігі бар адамдардың; 

2) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-ананың, асырап алушылардың, қорғаншылардың (қамқоршылардың); 

3) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздардың; 

4) алғаш рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ адамдардың; 

5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдардың құқығы бар. 

4-1. Кәсіптік оқытуға білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұруға рұқсат алған адам саудасының құрбандары-шетелдіктер жіберіледі. 

5. Кәсіптік оқыту еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріліп, оның ішінде жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру қызметіне құқығы бар білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілердің оқу орталықтарында жұмыс берушілерді қоса қаржыландыру ескеріле отырып, бюджет қаражаты шегінде жүргізіледі. 

6. Кәсіптік оқыту жөніндегі әлеуметтік келісімшарт халықты жұмыспен қамту орталығы, кәсіптік оқытуды жүргізетін ұйым, жұмыс беруші және оқитын адам арасында жасалады. 

7. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға жіберген, оқуын өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан адамдар жұмыс іздеп жүрген адамдар не жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап бір жыл өткен соң оқуға қайта жіберілуі мүмкін, бірақ ол бір реттен аспайды. 

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...39

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться