Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өсiмдiктердi қорғау туралы

Өсiмдiктердi қорғау туралы
14-1-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) зиянсыздандыру



Ст. 14-1 Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331



1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы химикаттар) мен пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстары зиянсыздандырылуға жатады. Пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыру тәртiбiн уәкiлеттi орган қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсу бойынша айқындайды.

2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) пайдаланылады.

3. Арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуға, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыруға рұқсатты қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бередi.

4. Өңірлерде арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсу бойынша айқындайды.

  Ескерту. 14-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...13 14 14-1 14-2 14-3 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-1-бап Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331