Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өсiмдiктердi қорғау туралы
14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер



Ст. 14-3 Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331



1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектiлерге қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол берiлетiн сандық және (немесе) сапалық мәнiн айқындайды.

2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулер негiзiнде белгiленедi.

3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн объективтi және негiздеп жоспарлауды жүргiзу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкiндiгiн болжау үшiн негiз болып табылады.

4. Фитосанитариялық нормативтер өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүргiзуi үшiн негiз болып табылады.

Статья 1 ...14-1 14-2 14-3 14-4 14-5 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-3-бап Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331